ПІКІР

Модератор: Mzhumabekova

Ответить
kyzhumcoll@mail.ru
Сообщения: 1
Зарегистрирован: 20 фев 2018, 09:29
Организация ТиПО: Кызылординский педагогический высший колледж имени М.Маметовой
Регион: Кзылординская область
ФИО: Ахметова Сауле Жахановна
Специальность: Заведующий учебным отделом

ПІКІР

Сообщение kyzhumcoll@mail.ru » 21 фев 2018, 12:30

2018 жылдың 9 ақпанында Астана қаласынада КЕАҚ «Кәсіпқор» Холдингінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасы колледждерінде педагогикалық мамандарды даярлау: талаптар мен жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы семинар-практикумға
ПІКІР


Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сай жаңа талаптарға сәйкестендіру бүгінгі күні өте өзекті болып отыр. Осы ретте КЕАҚ «Кәсіпқор» Холдингінің ұйымдастыруымен өткен семинардың күн тәртібіне педагогикалық мамандарды даярлайтын оқу орындарын толғандырып отырған мәселелердің қойылуы өте орынды.
Педагогикалық мамандықтар бойынша қолданбалы бакалавр даярлауды енгізу механизмі және ЖОО-мен интеграциясы, педагог кадр даярлау мазмұнын «Педагог» кәсіби стандарты талаптарына сәйкестендіру, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға педагогикалық мамандарды даярлау, ТжКБ ұйымдарының оқу процесіндегі кредиттік технология мәселелері қызу талқыға түсіп, ұсынылған пікірлер мен шешімдер біздің ойымыздан шықты.
Семинар жұмысына қатысқан вице-министр А.Қ.Аймағамбетов республикадағы педагогикалық мамандарды даярлаудың толғандырып жүрген көкейтесті сауалдарына жауап беріп, алдағы жұмыстардың бағыт-бағдарларын нақты айқындап берді.
Семинар жұмысына, сонымен қатар, «Назарбаев зияткерлік мектептері», Е.Букетов атындағы Қарағанды гуманитарлық университеті, «Өрлеу» БАҰО, Білім беру сапасын қамтамасыздандырудың тәуелсіз агенттігі, Аккредитация мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің өкілдерінің қатысып, қарастырылған сұрақтар төңірегінде ой қозғауы, пікірталас тудыруы келелі мәселелердің шешімін табуға ықпал етті.
Педагогикалық мамандар даярлайтын оқу орындары басшылары мен қызметкерлері үшін аймақтық, республикалық деңгейде осындай пікір алмасу, тәжірибе бөлісу семинарларын жиі өткізу керек деген ұсынымызды білдіреміз.

Б.Ә.Сайлыбаев - М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры, п.ғ.д.

Ответить

Вернуться в «Сетевое сообщество УМО»